Волейболдан Азия Чемпионатына қатысатын командалар Шығыс Қазақстан облысына келіп, жаттығуларын бастап кетті. Бұл туралы ustinka.kz хабарлайды.
Қазіргі таңда Өскемен қаласына Қытайлық Тайбэй, Иран, Вьетнам, Жапония, Тайланд және Филиппин командалары келіп үлгерді.
Волейболшылар дене сауықтыру кешені мен Азия чемпионаты өтетін жаңартылған Б. Александров атындағы Спорт сарайында жаттығуда.
25-31 мамыр аралығында Өскемен қаласында волейболдан қыздар арасындағы Азия Чемпионаты өтеді. Еліміздің намысын бұл жарыста "Алтай" волейбол командасы қорғайды. "Алтай" клубының алғашқы ойыны Тайван қарсыластарымен болады. Ал 26 және 27 мамыр күндері біздің қыздар Жапония және Иран командаларымен сынға түседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу