Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы лицензиялық турнирде 3-орын алды

950

Аталған жарыста 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына бір лицензия ойнатылды. 

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы лицензиялық турнирде 3-орын алды

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрама командасы лицензиялық турнирде үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған жарыста 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына бір лицензия ойнатылды. Қазақстандық команда жарыстың топтық кезеңінде Иран мен Индонезия құрамасын жеңіп, Тайландтан жеңілген болатын.

Қола жүлдесі үшін Қазақстан Тайбейге қарсы кездесу өткізіп, оны 3:1 есебімен жеңді (25-21, 22-25, 25-21, 27-25).

Олимпиада ойындарына жалғыз жолдаманы енді финалға шыққан қос команда Тайланд пен Оңтүстік Корея өзара сарапқа салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу