Волейболдан Қазақстан чемпиондары анықталды

2324

Волейболдан Қазақстан чемпиондары анықталды

Волейболдан қыздар арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайдыы Qsport.kz. 

Волейбол спортынан ел чемпионаты аяқталып, жеңімпаздар анықталды. Шығыс Қазақстанның "Алтай" командасы турнир барысында тек бір ойында жеңіліске ұшырап, қалған ойындарда жеңіске жетті. 98 ұпай жинаған "Алтай" командасы чемпион атанса, Алматы облысының ұжымы "Жетісу" командасы 79 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал павлодардың "Ертіс ҚазХромы" 77 ұпай жинап, қола жүлдені қанағат тұтты. 

Айта кетейік, "Алтай" командасы осымен үшінші рет чемпион атанып отыр. Енді бұл ұжым жазда өтетін "Азия" клубтық чемпионатына қатысатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу