Волейболдан Қазақстан командасы биылғы маусымда ешқандай турнирге қатыспайды

791

Халықаралық волейбол федерациясы барлық жарыстарды келесі жылға ауыстырды. 

Волейболдан Қазақстан командасы биылғы маусымда ешқандай турнирге қатыспайды

Волейболдан Қазақстан командасы биылғы маусымда қандай да бір халықаралық турнирге қатыспайды. Бұл туралы волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz.

"Классикалық волейболдан биыл қандай да бір турнир өтпейді. Халықаралық волейбол федерациясы барлық жарыстарды келесі жылға ауыстырды. Сондықтан, волейболдан құрама командалар биыл жаттығу жиынын өткізбейді. Азия волейбол конфедерациясы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын күз айларында ұйымдастыруға тырысуда. Бірақ бұл мәселенің де оң шешілетініне күмән бар. Себебі, көп мемлекеттер арасында шекара ашылмағандықтан, біраз федерация жарысқа қатысудан бас тартуда. Консулдықтар жұмысы басталмағасын, виза алу да қиын. Сондықтан, біз де халықаралық жарыстарды келесі жылға қалдыруды өтініп, хат жаздық. Ал жағажай волейболынан Қазақстан командасы қараша айында өтетін Азия турларына қатысу үшін дайындықты бастайды", – дейді бас хатшы. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу