Волейболдан Қазақстан командасының қарсыластары анықталды

1375

7-12 қаңтар күндері Тайландтың Нахонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасындағы құрлықтық іріктеу турнирі басталады.  

Волейболдан Қазақстан командасының қарсыластары анықталды

Аталған додада 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама таратылмақ деп жазады Olympic.kz. 

Іріктеу сынында екі топқа бөлінген жеті команда сынға түседі. "А" тобында Тайланд, Қытайлық Тайпей және Австралия,  "В" тобында Оңтүстік Корея, Қазақстан, Иран және Индонезия бақ сынайды.  Бірінші ойынды қазақстандықтар Иранға қарсы өткізсе, екінші кездесуде Индонезия, үшінші кездесуде Оңтүстік Корея құрамасымен жолығады.  Құрлықтық іріктеу сынында бір жолдама сарапқа салынатындықтан, тек жеңіске жеткен команда ғана Токио Олимпиадасына лицензия иеленеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу