Бәсекеге жалпы есебі сегіз команда қатысып, финалда "Алтай" және "Жетісу" командалары кездесті. Қазіргі ел чемпиондары мен күміс жүлдегерлер арасындағы матч аса тартысты өтті.
Бес партияға созылған кездесуде 3:2 есебімен (25-22, 25-16, 20-25, 25-27, 15-11) "Алтай" жеңіске жетті.
Қола жүлдені "Қуаныш" командасы иеленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу