Волейболдан әйелдер командасы арасындағы Қазақстан кубогінің соңғы кезеңі Таразда өтетін болды. Бұл туралы волейбол федерациясының ресми сайты хабарлайды.
Аталған турнир 23-29 қазан күндері "Тараз-Арена" спорт кешенінде ұйымдастырылады.
Басты бәсекеде жеңіске жету үшін 8 команда сынға түседі. Олар: "Тараз", "Ертіс-Казхром", "Қуаныш", "Қарағанды", "Жетісу", "Алтай", "Алматы" және "Алтай-2" клубтары.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу