Волейболдан Қазақстан кубогінің финалдық матчтары өтеді

618

Әйелдер арасындағы кубоктік кезең Тараз қаласында өтіп жатыр.

Волейболдан Қазақстан кубогінің финалдық матчтары өтеді

Волейболдан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогінің финалдық кезеңі өтетін мерзім белгілі болды. Бұл туралы волейбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлайды. 

Әйелдер арасындағы кубоктік кезең Тараз қаласында өтіп жатыр.

Бүгінгі финалдық ойында төмендегі командалар кездеседі: 

"Алтай-2" – "Тараз"

 "Ертіс" – "Қарағанды"

 "Қуаныш" – "Алматы"

 "Жетісу" – "Алтай"

Ерлер арасындағы кездесулер Өскеменде ұйымдастырылған.

Финалдық кезеңде төмендегі клубтар өзара жолығады: 

 "Павлодар" – "Есіл СҚ"

"Маңғыстау" – "Буревестник"

"Алтай" – "Тараз"

 "Атырау" – "Ұшқын Көкшетау"

Суперкубок кездесулері 31 қазанға жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу