Волейболшыларымыз олимпиадаға іріктеу сынын жеңіліспен бастады

983

Бүгін АҚШ-та волейболдан әйелдер командасы арасында олимпиадаға іріктеу турнирі басталды.

Волейболшыларымыз олимпиадаға іріктеу сынын жеңіліспен бастады

Өкінішке қарай, алғашқы матчта қазақстандықтар жеңіліске ұшырады, деп жазады Olympic.kz. 

Алғашқы кездесуде Қазақстан командасы жарыс қожайыны америкалықтармен кездесіп, 0:3 есебімен жол берді. Біздің команда үш партияда 17:25, 10:25, 10:25 есебімен ұтылған. 

Қазақстан сапында 9 ұпай жинаған Наталья Шаршакова үздік ойыншы атанды. Сана Анарқұлова мен Наталья Акиловалар 6 ұпайдан еншіледі.

Ертең Қазақстан құрамасы Аргентинаға қарсы ойнайды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу