Волгоград түбінде санитарлық авиация тікұшағы апатқа ұшырады

644

Тергеушілер оқиғаны жан-жақты зерделеп, төтенше жағдайдың себеп-салдарын анықтауды бастап кетті

Волгоград түбінде санитарлық авиация тікұшағы апатқа ұшырады Фото: ТАСС

Тергеушілер Волгоград облысында тікұшақтың құлап, ұшқыштың қаза табуы фактісі бойынша әуе көлігінің қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ресей батыстық ТК БАКТ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің Батыс аймақаралық көліктік тергеу басқармасының көліктегі Волгоград тергеу бөлімі Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 263-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады ("теміржол, әуе, теңіз және ішкі су көлігі мен метрополитеннің қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтыру")", - жалпы хабарламада айтылған.

20012 борттық нөмірлі "Ансат" тікұшағы, мен 1967 жылы туған ұшқыштың денесі Городищен ауданының Лизовка кентінің жанындағы далада табылды. Тергеушілер оқиғаның жай-жапсарын қарастырып, төтенше жағдайдың барлық аспектілерін, себеп-салдарын анықтайды, криминалистермен бірге оқиға болған жер тексерілді, деп толықтырды баспасөз қызметі.

Волгоград көлік прокуратурасы Оңтүстік көлік прокуратурасының (ОКП) тапсырмасы бойынша ұшу қауіпсіздігі туралы заңнаманың орындалуына тексеру жүргізеді, деп хабарлады ОКП баспасөз қызметі. 

Волгоград көлік прокуроры оқиға орнына полиция, тергеу комитеті, ТЖМ қызметкерлерінің әрекеттерін үйлестіру үшін барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу