Volkswagen 2021 жылға дейін 30 мың жұмыс орнын қысқартпақшы

1085

Volkswagen 2021 жылға дейін 30 мың жұмыс орнын қысқартпақшы

Немістің Volkswagen көлік өндіруші компаниясы мен оның кәсіподақтары 2021 жылға қарай 30 мың жұмыс орнын қысқартуға мәмілелесті. Компанияның таратқан хабарламасында айтылғандай, жоспар бойынша Германияда 23 мың жұмыс орны қысқартуға түседі. Бұл 2020 жылға қарай жыл сайын 3,7 млрд еуро (3,9 млрд доллар) үнемдеуге мүмкіндік береді, деп жазады "КоммерсантЪ".

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін компания төңірегінде дизельді қозғалтқыштарға байланысты дау-дамай туындаған болатын. Даулы мәселені шешуге, нақты айтқанда, көлік иелеріне жаңа көлік сатып алу және өтемақы төлеу үшін компания  10 млрд доллардай шығындалды. Тағы 4,7 млрд доллар қоршаған ортаға зиянды заттар бөлуді азайту және экологиялық таза көліктер жасау бағдарламасын іске асыруға жұмсалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу