Volkswagen 4 миллион көлігін қайта жабдықтауға келісті

914

Volkswagen 4 миллион көлігін қайта жабдықтауға келісті

Немістің Porsche компаниясы 22 мың көлігін кері қайтаратын болды, деп хабарлайды 24.kz.
Германия билігінің хабарлауынша, оларда экологиялық көрсеткіштерді бұрмалайтын бағдарлама орнатылған. Мәселе Cayenne модельдері жайлы болып отыр. Барлығы Еуропа елдерінде тіркелген екен. Үштен бір бөлігі Германияда сатылса керек.

Porsche екі жыл бұрын даудың астында қалған немістің Volkswagen автоконцернінің құрамына кіреді. Ол кезде АҚШ билігі көлік өндірушіні темір тұлпарларын кері қайтаруға міндеттеген еді. Өйткені ауаға бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін азайтып көрсеткені белгілі болды. Соңғы мәлімет бойынша, Volkswagen 4 млн көлігін қайта жабдықтауға келіскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу