Volkswagen 7 мыңға жуық қызметкерін қысқартады

666

Кадр саны қысқаратынына қарамастан, концерн жылдық табысын 6 миллиард еуроға дейін арттыруды көздеп отыр

Volkswagen 7 мыңға жуық қызметкерін қысқартады

Еуропадағы ең ірі автоконцерн Volkswagen 7 мыңдай қызметкерін қысқартпақ. Компания үнемдеу бағдарламасына негізделген жаңа стратегиясын ұсынды, деп хабарлайды 24.kz.

Дегенмен жаппай жұмыстан шығару болмайтынын уәде еткен. Мысалға, Volkswagen зейнетке шығатын қызметкерлерінің орнына жаңа маман алмайтын болды.

Кадр саны қысқаратынына қарамастан, концерн жылдық табысын 6 миллиард еуроға дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл қаражатты электромобильдер шығаруға жұмсамақ.

Volkswagen электрокарлардың 70 жаңа түрін шығаратынын жариялады. Компания басшылығының мәлімдеуінше, 2030 жылға дейін экологиялық көліктердің үлесі 40%-ға дейін жетуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу