Volkswagen 79 млн еуро көлемінде айыппұл төлейді

1146

Автокөлік жасаушы компания Австралиядағы тұтынушыларына 79 млн еуро көлемінде айыппұл төлеуге келісті. Бұған дейін автоконцернге зиянды қалдықтарға байланысты айып тағылған болатын. 

Volkswagen 79 млн еуро көлемінде айыппұл төлейді

Австралияның Федералдық соты жақын арада осы іске қатысты нақты шешім қабылдайды. Жергілікті билік компанияның дизельді қозғалтқыштардан шыққан газдың құрамындағы зиянды заттар туралы деректерді жасырғанына қатысты іс қозғаған. Ресми дерекке сүйенсек, Австралиядағы 100 мыңға жуық Volkswagen, Audi және Skoda автокөліктерінің қозғалтқышында осындай ақау табылған. Әрбір көлік иесіне төленетін өтемақы 870 еуроны құрайды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың қыркүйек айында Volkswagen компаниясы өз автокөліктеріне ауаға бөлінетін зиянды қалдықтар туралы деректердің көрсеткішін азайтатын бағдарлама қондырғанын мойындаған еді. Кейін тергеу барсыныда 11 миллионнан астам көлікке осындай аппараттың енгізілгені белгілі болған. 

Неміс автоконцерні осы даудан кейін АҚШ-тағы тұтынушыларына миллиардтаған доллар көлемінде айыппұл төлеп, 500 мыңға жуық көлікті кері қайтарып алуға ұсыныс тастады.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу