Volkswagen автоконцерні шығындарды азайту бағдарламасы аясында 2023 жылға дейін 5 мың жұмыс орнын қысқартпақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Handelsblatt концерніне сілтеме жасап.
Басқарушылар кеңесі бекіткен жаңа жоспарға сәйкес, 2023 жылға дейін өндірістік шығындар 5%-ға азайтылуы тиіс. Ол үшін алдымен қызметкерлер санын қысқарту қарастырылған. Яғни кейбір санаттағы қызметкерлер мерзімінен бұрын зейнетке шығуы мүмкін.
Volkswagen сайтында жарияланған ресми мәлімдемеде осы бағдарлама аясында қысқартылатын жұмысшылардың нақты саны жоқ. Сонымен қатар нақты қандай қызметкерлердің жұмыстан шығарылатынын да компания ашып айтпады.
Табиғат Нұрболат
Фото: epa.eu