Volkswagen батарея өндіреді

978

Германияда 2030 жылға дейін алты гигафабрика салынады.  

Volkswagen батарея өндіреді

Компания басшылары батареяны өз елінде өндіру бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз етеді деп есептейді. 2030 жылға қарай Volkswagen модельдерінің 60 %-ы электр жетекті болады. Осыны ескере отырып компания аталған уақытқа дейін жылдық өндірісі 240 ГВт/сағ. болатын алты гигафабрика салады.

Бұл көп пе, аз ба? Салыстырайық. Tesla-ның Невададағы гигафабрикасының қуаты жылына шамамен 39 ГВт/сағ. Ал Швецияның Шеллефтео қаласында салынып жатқан Volkswagen-нің алғашқы зауытының жылдық өндіріс қуаты 40 ГВт/сағ. болады. Екінші зауыт 2025 жылы Зальцгиттер қаласында ашылады. Қалған төрт зауыттың қайда орналасатыны айтылмады.

Автокөлік батареяларының құнын 80 % төмендету үшін Volkswagen бірыңғай аккумулятор ұяшығын қолданады. Бұл техниканы енгізу өндірісті жеделдетіп, қызмет көрсетуді жеңілдетіп қана қоймай, электромобиль құнын 50 %-ға дейін төмендетеді. Батареяның бағасы киловатт-сағатына 100 еуроға түседі.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу