Volkswagen компаниясының менеджері алаяқтығы үшін 7 жылға сотталуы мүмкін

1049

Volkswagen компаниясының менеджері алаяқтығы үшін 7 жылға сотталуы мүмкін

Volkswagen компаниясының менеджері Оливер Шмидт дизельді дау бойынша Детройт сотында өзін кінәлімін деп мойындады. Сондықтан концерннің нормативтік талаптарын сақтау жөніндегі бөлімнің бұрынғы басшысы 7 жылға сотталып, 40 мың доллардан астам айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz. 

Өйткені тергеушілер оған алаяқтық жасады деген айып тағып отыр. Бірақ бұл бастапқыда қарастырылған жазадан әлдеқайда жеңіл. Сот үкімі желтоқсан айында шығады. Ал іс концерннің дизельді көліктерге ауаға шығарылатын улы қалдықтарды азайтып көрсететін бағдарламалық құрылғы орнатқанына қатысты қозғалған.

АҚШ билігі: "2009-2015 жылдары нарыққа шығарылған Volkswagen және Audi маркалы 500 мыңға жуық жеңіл көлікті компания кері қайтарып алуы тиіс", – дейді. Ал бұл бірлестікті 25 млрд доллар шығынға батырады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу