Volkswagen-нің алғашқы электрокроссовері

549

Немістер электрлі ID.4 кроссоверін көрсетті.   

Volkswagen-нің алғашқы электрокроссовері

Еуропа мен АҚШ тұрғындары үшін шығарылатын модельдің дизайны таңғаларлық деп айту қиын. Ол ID.3 стилінде жасалған. Жаңа машинаның ұзындығы 4585 мм.

Салонда аналог батырмалар жоқтың қасы, олар тек әйнек көтеру және апат болғанда сигнал беру қызметін атқарады, басқасы түгел сенсорлы. Алдыңғы әйнектің төмен жағында “интерактивті” жарық жолағы бар. Ол аудиожүйе режимі мен жолдағы жағдайға қарай түсін өзгертеді.

Volkswagen ID.4 бірнеше күштік құрылыммен ұсынылады. Әзірше тек стандартты нұсқа туралы мәлімет бар. 204 ат күші мен 310 Нм айналу моментін беретін электромоторы бар көлік алғашқы жүздікті 8.5 секундта еңсереді, ал ең жоғары жылдамдығы сағатына 160 шақырымды құрайды. Сыйымдылығы 82 кВт·сағ батареяның қуаты 520 шақырым жүруге жетеді.

Еуропа мен АҚШ-тағы клиенттерден тапсырыс қабылдау басталып кетті. Германияда Pro жиынтығындағы машина 43330 еуроға сатылады, ал қымбатырақ 1st және 1st Max нұсқалары 48 690 және 58440 еуроға бағаланды.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу