Волонтер-студенттерге қосымша шәкіртақы тағайындалады

1095

Еріктілер мемлекеттік наградаларға ұсынылады. 

Волонтер-студенттерге қосымша шәкіртақы тағайындалады

Волонтерлердің Birgemiz атты республикалық фронт-кеңсенің ашылуында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: "Еріктілерге жан-жақты қолдау көрсету керек. Менің тапсырмам бойынша оларға арнайы жеңілдіктер ұсынылады. Мысалы, енді волонтерлік жұмыс еңбек өтілі болып есептелінеді", – деді. 

Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, волонтер-студенттерге қосымша шәкіртақы тағайындалады немесе пән кредиттерін жабуға рұқсат беріледі. 

"Осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға да қаржылай көмек беріледі. Бұл ретте әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 400-ден астам шағын грант бөлінеді. Әр гранттың құны 300 мың теңге көлемінде болады. Бұдан бөлек  әкімдерге жергілікті бюджеттен қосымша грант бөлуді тапсырдым. Еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу