Волонтердің цифрлық паспорты жасалады

101

 Соған сәйкес нақты жұмыс істеліп жатыр.  

Волонтердің цифрлық паспорты жасалады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында еріктінің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысқа қолдау білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Волонтерлік қызметте жаңа технологияларды кеңінен пайдалану керек. 

Мен Жолдауымда Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрлық ел болуға тиіс деген міндет қойдым. Соған сәйкес нақты жұмыс істеліп жатыр. 

Ел өмірінің барлық саласына озық технология тәсілдері, әсіресе, жасанды интеллект жүйесі енгізіле бастады. Еріктілер қозғалысы да бұл жұмыстан шет қалмауы керек. 

Мен волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты толық қолдаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу