Волонтерлар – көзге көрінбейтін жауынгерлер – Вера Ким

1199

Еліміздің 36 қаласында 80 волонтерлік ұйым бар. 

Волонтерлар – көзге көрінбейтін жауынгерлер – Вера Ким

Пандемия кезіндегі төтенше жағдайда медицина қызметкерлерімен және полициямен бірге халыққа көмек көрсеткен волонтерлар карантин кезеңінде де жақсылық жасауды жалғастырып жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында  "Ұлттық еріктілер желісі" ЗТБ төрағасы Вера Ким осылай деді. 

"Волонтерлар – қаһармандар, көзге көрінбейтін жауынгерлер. Еңбекақысыз жұмыс істеген қайырымды жандар. Өзгенің қайғысын өз қайғысындай көрген мейірімді әрі үлкен жүректі адамдар", – деді Вера Ким.

Оның сөзінше, 2010 жылы құрылған "Ұлттық еріктілер желісі" ЗТБ ұйымы
еліміздің 36 қаласында 80 волонтерлік ұйымның басын біріктіріп отыр. 

"Төтенше жағдай енгізілгенде барлық волонтерлық ұйымдар жедел желі ашты. Осы арқылы халықтың мұң-мұқтажын біліп, өтінішін орындады. Жедел желі арқылы біздің қатарымызға қайырымды жандар қосылды. Олар бізбен бірлесіп, волонтерлік қызмет атқарды", – деді Вера Ким.

"Ұлттық еріктілер желісі" төрағасының айтуынша, волонтерлар жұмыс таңдамаған. Кімнің қолынан қандай іс келсе, соны атқарған. 

"Біз волонтерлардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнбеуін қатаң қадағаладық. Олар барлық санитарлық-эпидимиологиялық талаптарды сақтады", – деді Вера Ким.

Сөз арасында ол волонтерларға қолдау көрсеткен ірі сауда желілері мен қайырымдылық қорларына, демеушілер мен шаруа қожалықтарына алғыс айтты. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу