Волонтерлер қуаңшылық жайлаған өңірлерге 150 вагон мал азығын жеткізді

703

Алдағы уақытта мұндай көмектің көлемін волонтерлер 2 мың вагонға дейін жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Волонтерлер қуаңшылық жайлаған өңірлерге 150 вагон мал азығын жеткізді

"Өңірлер арасында азық-түлікті белгіленген бағамен өзара жеткізу және зардап шеккен шаруашылықтарға шөп шабу үшін 130 мың гектарға жуық шабындық жер бөлу туралы шарттар мен меморандумдар жасалды. Сондай-ақ, табиғи резерваттың 211 мың гектарында азық дайындауға рұқсат етілді. Бұл жұмысқа волонтерлік ұйымдар да қосылды. Олар зардап шеккен өңірлерге шамамен 150 вагон азық жеткізді. Мұндай жеткізу көлемдерін 2000 вагонға дейін жеткізу жоспарлануда", деді Үкіметтің бүгінгі отырысында Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, бұл ресурстарды жергілікті жерлерде бөлу қоғамдық кеңестердің белсене қатысуымен жүргізіледі. Осы көмекті ұйымдастырғаны үшін Ерболат Қарашөкеев еліміздің барлық еріктілеріне және бұл іске бей-жай қарамайтын азаматтарға үлкен алғысын білдірді.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу