Волонтерлық қызмет трансформацияланады

946

Азаматтарға жаппай азық-түлік жеткізіліп жатқан жоқ.

Волонтерлық қызмет трансформацияланады

"Волонтерлардың да балалары, ата-аналары бар. Олар да туыс-туғандарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне алаңдайды". Бұл – "Ұлттық еріктілер желісі" ЗТБ төрағасы Вера Кимнің орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтқан сөзі. 

"Біз волонтерлардың сақтық шараларына басымдық беріп жатқанын құптаймыз. Осыған орай волонтерлық қызметті трансформациялап, онлайн көмек көрсетуге көшеміз. Біздің қатарымызда зейнет жасындағы дәрігерлер, психологтар бар. Солар телефон арқылы науқастарға тегін медициналық кеңес беруге дайын",– деді Вера Ким.

Оның сөзінше, қазір волонтерлар төтенше жағдай кезіндегідей азаматтарға жаппай азық-түлік жеткізіп жатқан жоқ. Себебі карантин кезінде жүріп-тұруға, шектеу қойылмаған. Волонтерлар мұқтаж жандарға ғана көмек көрсетіп жатыр.   

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу