Volvo 507 мың көлігін қайтарады

676

Швед корпорациясы жарты миллионнан астам көлігін кері қайтармақ. Бұған қозғалтқыш бөлігіндегі ақаулар себеп болып отыр. 

 Volvo 507  мың көлігін қайтарады

Автокөлік концерні өкілдерінің айтуынша, құрылғының өртеніп кету қаупі бар. 

Мотор жұмысы кезінде пластмассадан жасалған енгізу жинағышы жоғары температурадан балқуы әбден мүмкін. Кей жағдайларда тіпті өртке орануы ықтимал. 

Ресми дерекке сүйенсек, 2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін жасалған V40, V60, V70, S80, XC60 және XC90 модельдері кері қайтарылады. 

Ақаулардың қалай және қашан жөнделетіні жарияланбады. Әзірге қозғалтқыштың жанып кеткені туралы оқиғалар да тіркелмеген. Компания өкілдерінің айтуынша, жөндеу жұмыстары жақын арада басталады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу