2030 жылға қарай Volvo компаниясы шығарған көліктердің барлығы вегандарға арналады. Яғни автоконцерн көлік салондарын жасауда теріні пайдаланудан бас тартады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Терінің орнына өңделген шикізат пен материалдарды пайдаланады.
"Тұтынушылардың жаңа буыны келе жатыр. Олар өнімнің неден жасалғанына көбірек мән береді. Олар белгілі бір этикаға жүгінеді", – деді дизайн бөлімінің басшысы Робин Пейдж.
Компания өкілдерінің айтуынша, тұтынушыларды былғары өнеркәсібінде жануарларды пайдаланудан келетін зиян алаңдатып отыр.
Volvo біртіндеп экологиялық тұрғыдан таза бола бастайды. 2030 жылға қарай компания тек электромобильдерді шығаруға уәде берді. Электр қозғалтқышымен жүрмейтін жүк көліктері сутегі отынына ауыстырылады.
Табиғат Нұрболат