"Востокмашзавод" шоттары мен мүлкіне қойылған шектеу алынып тасталды

415

Компания борышкерлердің біріңғай тізімінде болмаған. 

 "Востокмашзавод" шоттары мен мүлкіне қойылған шектеу алынып тасталды Фото: yandex

"Востокмашзавод" АҚ инвесторының хабарламасын қарау кезінде атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуына және компанияның борышкерлердің бірыңғай тізілімінде болмауына қарамастан, қоғамның шоттары мен мүлкіне шектеу алынбаған, деп жазады inbusiness.kz.

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңның 36-бабының 3-тармағы, 47-бабының 2-тармағына қайшы, мәжбүрлеп орындау шаралары жойылған жоқ және инвесторды борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығару жүргізілмеген", — делінген ШҚО прокуратурасы хабарламасында.

Сот орындаушыларының әрекетсіздігі ақыры компания қызметін дамытуға және инвестициялық жобаны іске асыруға кедергі келтірді.

Сот орындаушыларына проблемалық мәселені шешу және атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін техникалық қолдау бойынша АҚ-ның өз бетінше берген өтініштері оң нәтиже бермеді.

Соңында Облыс прокуратурасының араласуынан кейін ғана ШҚО әділет Департаменті "Востокмашзавод" АҚ шоттары мен мүлкіне шектеулерді алып тастау жөнінде шаралар қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу