Вrent 5%-ға өсім көрсетті

523

Лондонда шикізат фьючерсі барреліне 72 долларға жетті. 

Вrent 5%-ға өсім көрсетті

Ирактағы АҚШ-тың әскери базасына шабуыл жасалған соң, Брент маркалы өнім бағасы өсімін жалғастырды. Атап айтқанда 5 пайызға көтерілді, деп хабарлайды Atameken Business.

Лондонда шикізат фьючерсі барреліне 72 долларға жетті. АҚШ-тың негізгі қор индекстері болса құлдырап жатыр. Дәстүрлі активтерге деген сұраныс жоғары. Таяу Шығыста алтынның бағасы шарықтап кетті. Қазір Парсы Шығанағындағы қауіпсіздік қыл үстінде. Пентагон әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Ал OPEC мұнай экспорттаушы елдер ұйымы нарық ойыншыларын сабырға шақырды. ОПЕК-тің бас хатшысы Мохаммед Баркиндо "Таяу Шығыстағы тасымалға еш қауіп төніп тұрған жоқ, нарықта тұрақсыздық болмайды" деді. Оның айтуынша, қор жеткілікті. Жағдайды реттеу үшін ұйымға мүше көшбасшы елдер барын салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу