Вrent баррелі – $28.98

602

Бүгін мұнайдың бағасы тағы түсіп кетті. 

Вrent баррелі – $28.98

Осы жолы Нью-Йорк тауар биржасындағы көрсеткіш 2003 жылғы деңгейге дейін құлдырады, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір WTI баррелі 27 доллар 8 центке саудаланып жатыр. Кеше ол 30 долларға сатылған еді.

Вrent маркалы өнімнің мамыр айындағы фьючерсі – 28,98. Баға кешегі көрсеткішпен салыстырғанда 2 доллар 27 центке арзандаған. 

Бағаның осынша төмендеуіне нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың сай келмеуі әсер етуде. Мұндай жағдай соңғы 17 жылдан бері  болған емес. Әлемнің жетекші экономистері таяу уақытта мұнайдың баррелі 25-30 доллардан артық көтеріледі деуге негіз жоқ деп болжам жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу