ВТБ банкінің капиталы толықтырылды

478

ВТБ банкінің капиталы толықтырылды

ВТБ (Қазақстан) банкінің капиталын толықтырылды, инвестицияның жалпы сомасы шамамен 2,6 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды банктен.

2018 жылғы 28 маусымда ВТБ банкінің (Қазақстан) жалғыз акционері – ВТБ (ЖАҚ) Қазақстандағы еншілес ұйымының капиталын толықтыру туралы шешім қабылдады. Капиталды толықтыру банктің қарапайым акцияларының санын көбейту жолымен жүзеге асырылатын болады. Инвестицияның жалпы сомасы шамамен 2,6 млрд теңгені құрайды.

"Акционердің капиталды толықтыру туралы шешімі банктің кредиттік портфелін толықтыру бойынша жоспарына байланысты. Өткен жылы біз жеке тұлғаларды және бизнесті қаржыландырудың жақсы қарқынын көрсеттік және алдағы уақытта бұл бағытта органикалық өсуге ниеттіміз", – деп атап өтті банк басқармасыныің төрағасы Дмитрий Забелло.

Бүгінде S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасындағы ең жоғары кредиттік рейтингке ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу