ВТБ банктің Еуропадағы еншілес банкі 1-сәуірден бастап жұмысын тоқтататын болды. Толықтай жабылу процесі бірнеше жылға созылмақ. Ал клиенттердің депозиттері 2 деңгейлі салымдарды кепілдендіру жүйесімен қорғалған екен. VTB Bank Europe-тің активтері 2021 жылдың соңында 7,3 млрд евро болған. Ал 2022 жылдың соңында санкцияларға іліккен соң, банктің Германиялық реттеушісі оны өзінің еншілесін басқаруынан шеттетті.
ВТБ басшысы Андрей Костин француз газетіне берген сұхбатында батыстың банктеріне активтер алмастыруды ұсынғанын айтқан. Бұған европалық қаржы институттары қызығушылық танытқанымен, батыс билігі қарсы шығыпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу