WADA Ресейді олимпиададан 4 жылға шеттетті

772

Қазіргі уақытта  Ресей мемлекетінің  WADA шешіміне қарсы спорттық төрелік сотына шағымдануға құқығы бар.  

WADA Ресейді олимпиададан 4 жылға шеттетті

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік Ресейді олимпиада және халықаралық жарыстардан 4 жылға шеттетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұған себеп ресейлік допингке қарсы агенттіктің халықаралық талаптарға сай келмеуі. WADA талаптарына сәйкес егер мемлекеттік допингке қарсы ұйым мәртебесінен айырылса, онда сол елге халықаралық жарыстарға қатысуға тыйым салынып ғана қоймай, сол  елде әлемдік деңгейдегі бәсекені ұйымдастыруға да шектеу қойылады. Ал, спортшылары допингктен таза екендерін дәлелдесе, онда  бейтарап спортшы ретінде жарыстарға  қатысуға рұқсат беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу