WADA Рио Олимпиадасының өткізілуінде көптеген өрескел қателіктер болғанын айтты

1083

WADA Рио Олимпиадасының өткізілуінде көптеген өрескел қателіктер болғанын айтты

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарын ұйымдастырылуына қатысты сын айтты. Олардың айтуынша, өрескел қателіктерге жол берілген, деп хабарлайды 24kz.

Ұйым баяндамасына сүйенсек, допингтік тексеру кезінде кейбір спортшыларды мүлде таба алмаған. Оның үстіне осы салада арнайы білім алған білікті мамандар жеткіліксіз. Соның кесірінен допингке қарсы тексеру кезінде біршама кедергілер болып, нәтижелері кеш шықты.

Ресми деректерге сүйенсек, 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан 11 мың спортшының 4 мыңнан астамында тексеруден өтті деген құжаты жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу