Walt Disney өзінің 7 мыңнан астам қызметкерін жұмыстан босатады

456

Кадрдағы өзгерістер шамамен 5,5 миллиард доллар үнемдейді.  

Walt Disney өзінің 7 мыңнан астам қызметкерін жұмыстан босатады Фото: equity.today

Американдық Walt Disney компаниясы 7 мың қызметкерді қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы оның бас директоры Роберт Айгер инвесторлардың қатысуымен өткен телекөпір барысында хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Ұйымның жаңартылған құрылымының жоспарына сәйкес үш бөлім пайда болады: біріншісі кино және теледидар саласындағы контенттің көп бөлігіне, екіншісі спорттық бағдарламаларға, үшіншісі тақырыптық саябақтар мен тауарларды сатуға жауап береді.

CNBC арнасы келтірген Айгер мәлімдемесіне сәйкес, компания басшылығы шамамен 5,5 миллиард доллар үнемдейді деп күтілуде.

Сонымен қатар, компания қызметкерлері жалпы санының шамамен 3% құрайтын 7 мың қызметкерді жұмыстан шығарады.

Бұрын Маск Twitter басшысы атанғанда, қызметкерлерінің шамамен 80%-ы жұмыстан шығып кеткен. Штат саны шамамен 1,3 мың адамға дейін қысқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу