WanaCrypt0r 2.0 вирусын ойлап тапқан алаяқтардың шотына 42 мың доллар түскен

954

 WanaCrypt0r 2.0 вирусын ойлап тапқан алаяқтардың шотына 42 мың доллар түскен

WanaCrypt0r 2.0 вирусын ойлап тапқандардың шотына интернет-қолданушылардан 42 мың доллар түскен. Бұл туралы TheTimes хабарлайды.

Әзірге вирусты ойлап тапқандар түскен ақшаны пайдалана қоймаған.

Киберқауіпсіздікті бақылайтын  мамандардың пікірінше, әлем бойынша белсенді үш онлайн-аккаунт анықталған, оларға  әр түкпірден цифрлық валютамен ақша жіберген көптеген ұйымдар бар. Сарапшылар бұл вирусты жасаушылардың пайда көздеген алаяқтар екенін айтады. Сондықтан, бұл вирусты бір мемлекеттің қасақана қаржыландырып отырған шабуылы деп қабылдамауға шақырды.

12 мамырда Еуропа мен Азияның ірі ұйымдарының ақпараттық базасына бұрын кездеспеген WanaCrypt0r 2.0.  атты бағдарлама "шабуыл" жасаған. Аталған вирус ақпаратты шифрлап, 300 бен 600 доллар көлемінде әр мәлімет үшін ақша сұраған. Кейіннен,  бағдарламаның тек Windows операциялық жүйесінде ғана жұмыс істейтіні анықталған. Сарапшылар бұл "шабуыл" бұрын болмаған рекордтық көрсеткіш дейді.

Вирусты ойлап табуышылар кез-келген тосқауылды бұзып-жарып өтуге қабілетті етіп, қайта жаңартып отыратын көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу