WBA қазақстандық нокаутшының кейінгі жеңісін жоғары бағалады

659

Жүкембаев қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.

WBA қазақстандық нокаутшының кейінгі жеңісін жоғары бағалады

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) нокаутпен жеңістен кейін қазақстандық Батыр Жүкембаевты (18-0, 14 КО) өз рейтингіне қосты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Жүкембаев жаңартылған рейтингте он бесінші тұр. 26 қаңтар Монреальда өткен кейінгі жекпе-жегінде қазақстандық боксшы мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) екінші раундта сұлатқан болатын. 

Бастапқыда қарсылас аргентиналық Максимилиано Рикардо Верон (12-3-1, 4 КО) болу керек еді. Алайда ол Канадаға виза ала алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу