WBA кеңесі Қанат Исламға міндетті қарсыласты белгіледі

715

WBA кеңесі Қанат Исламға міндетті қарсыласты белгіледі

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламға (25-0, 20 КО) міндетті қарсылас белгіледі. Бұл туралы BoxingScene.com порталы хабарлап отыр, деп жазады vesti.kz. 
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін отанласымыздың міндетті қарсыласы жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Джон Вера болыпты. Оның еншісінде 18 жекпе-жек бар. Барлығында жеңіске жеткен. 11 кездесуде қарсыластарын нокаутқа түсірген. 
WBA кеңесінің өкілдері екі боксшыға ресми хатты 21 қазан күні жіберген. Енді екі тарап өкілдерінде жекпе-жекті ұйымдастыруға 30 күн бар. Кері жағдайда кездесуді өткізу құқығы бәссаудаға қойлады. 
Айта кетейік, бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Лараның (25-2-2, 14 КО) бірінші кезектегі міндетті қарсыласы болады. 
Қазіргі уақытта Қанат Ислам WBA рейтингінде бірінші орында келеді. Ол өзінің соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астана қаласында өкізіп, канадалық Брэндон Куктан айласын асырып, WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін қорғап қалды. 
Вера болса бұл рейтингте екінші орында тұр. Соңғы кездесуін ол 2017 жылдың 29 қыркүйегінде өткізіп, Сандэй Алжувудан айласын асырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу