WBC әлем чемпиондарының бапкерлерін арнайы белбеумен марапаттайды

927

WBC әлем чемпиондарының бапкерлерін арнайы белбеумен марапаттайды

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) 55 жылдық мерей тойына орай әлем чемпиондарының бапкерлерін де арнайы белбеумен марапаттау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды vesti.kz vRINGe.com порталына сілтемемен. 

"Бапкер - боксшы үшін өмірін құрбан ететін адам. Олар шәкірттері үшін әкесіндей болып кеткен. Бірге армандайды, бірге жұмыс істейді. Сондықтан да олардың боксшылармен қатар марапаттау керек. Жуыр арада біз мұны іске асырамыз", - деп айтты WBC президенті Маурисио Сулейман. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта WBC тек чемпиондық белбеумен марапаттап қоймай, боксшыларға ақшалай да сый беретін болды. 

Ол жуырда орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпион қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесуге де арнайы белбеу дайындап шығыратынын айтты. 

Өткен жылы WBC Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесудің жеңімпазы үшін де белбеу дайындағын. Бірақ 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өткен кездесу тең аяқталған еді. Соған қарамастан кеңес белбеуді Головкинге берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу