WBC белбеуінде Қазақстан туы мен Головкин бейнеленеді

734

WBC белбеуінде Қазақстан туы мен Головкин бейнеленеді

Отандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен Қазақстан туы WBC белбеуіне бейнеленеді. Мұндай өзгеріс Геннадий Головкиннің әлемдік спорт қауымдастығындағы орны мен оған деген сый-құрметтің белгісі.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жасыл-алтын түстес белдігі соңғы 37 жылда бірқатар өзгеріске ұшырады. Соңғы өзгеріс – оған Қазақстанның көк туының енуі, деп хабарлайды akboxing.ru.

WBC белбеуінде бокс тарихындағы ең үздік әрі ең мықты боксшылар бейнеленіп келеді. Олардың қатарында Мұхаммед Али, Майк Тайсон, Леннокс Льюис, Рэй Леонард, Роберто Дюран, Хулио Сезар Чавес, Ларри Холмс, Виталий Кличко, Марвин Хаглер, Томми Хернс, Оскар де Ла Хойя және Флойд Мэйвезер бар.

Енді өз халқының абыройын асқақтатқан Геннадий Головкинге құрмет ретінде еліміздің жалауымен бірге оның бейнесі әлем мықтыларының  белбеуінде көрініс табады.

Еске сала кетейік, 18 наурыз күні Геннадий Головкин өз титулын қорғау үшін америкалық Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасады. Жекпе-жек Нью-Йорктің Мэдисон Сквер Гарден аренасында өтеді. Қазақстан халқы бокс кешін 19 наурыз күні таңертеңгі сағат 08.00-де "Қазақстан" және "Қазспорт" телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу