WBC Фируза Шарипованың әлем чемпионымен жекпе-жек өткізуіне рұқсат берді

774

WBC Фируза Шарипованың әлем чемпионымен жекпе-жек өткізуіне рұқсат берді

Кәсіпқой бокста әлем чемпионы Фируза Шарипованың FSK Promotion промоутерлік компаниясы бүкіләлемдік бокс ұйымынан (WBC) фин қызы Ева Вальстреммен жекпе-жек өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген Вальстремге тиесілі WBC тұжырымы бойынша белбеу мен осы салмақта өнер көрсетіп жүрген отандасымыз Шариповаға тиесілі IBO чемпиондық титулдары тігіледі.
Еске салайық, жекпе-же 24 қазанда Монако қаласында өтеді. 
Осыған дейін, 30 желтоқсанда Алматы қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы қыз белгиялық Джемилла Гонтарюкпен шаршы алаңда кездесіп, IBO және WBC Silver белбеулерін жеңіп алып, Вальстремге тиесілі WBC чемпиондық титулына таласу мүмкіндігіне ие болды.  
Фин қызы 8 сәуірде төрешілер шешімімен америкалық Мелисса Сент-Вилисті жеңген еді. Жекпе-жек Финляндияның Хельсинки қаласында өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу