WBC Головкиннің кезекті қарсыласын анықтады

492

WBC Головкиннің кезекті қарсыласын анықтады

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласын анықтады. Отандасымыз келесі жекпе-жегінде аргентиналық Хорхе Хейланд (28-4-2, 15 КО) пен америкалық Джермалл Чарло (25-0, 19 КО) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі, деп хабарлайды vesti.kz.

Джермалл Чарло бұған дейін 69,9 келіде IBF тұжырымындағы әлем чемпионы атағынан бас тартып, орта салмаққа ауысқанын хабарлаған еді. Ол соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, Джулиан Уильмстан үстем түсті.

Ал Хейланд бірнеше уақыттан бері орта салмақта WBC рейтингінде көш бастап келеді. Бірақ әлі де чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу