WBC салмақ өлшеудің тағы екі түрін енгізеді

667

WBC салмақ өлшеудің тағы екі түрін енгізеді

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) боксшыларға жекпе-жек күні де салмақ өлшеу рәсімін енгізбек, – деп хабарлайды vringe.com. сайтына сілтеме жасап vesti.kz.

Қазіргі таңда WBC ұйымында жекпе-жекке дейін бір күн бұрын өлшену рәсімімен қатар, алдын ала – бір ай және бір апта бұрын өлшену бар. 

Енді бұған жекпе-жекке дейін екі апта бұрын және жұдырықтасатын күні салмақ өлшеуді қоспақ. 

Жекпе-жектен 30 күн бұрын өлшенгенде боксшы келісімшартта көрсетілген салмағынан он пайыз асып тұруға рұқсат етіледі, ал 14 күн бұрын бес пайыз ғана, жеті күн қалғанда - 3 пайыз. 

Ал жекпе-жек күні өлшенгенде спортшы келісімшартта көрсетілген салмақтың он пайызынан артық жинауына болмайды. 

WBC жекпе-жектері үшін жаңа ережелер маусымнан бастап күшіне енеді, ал жұдырықтасатын күні өлшенуден басқасы 1 қаңтардан бастап қолданылады. 

Сонымен қатар, жаңа жылдан бастап боксшылар комиссияға жыл сайынғы МРТ-тексерісінің мәліметтерін берулері қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу