WBC президенті Маурисио Сулейман әлеуметтік желілердегі парақшасында Мексиканың келе жатқан тәуелсіздік күніне орай арнайы белбеу ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүкіләлемдік бокс ұйымының президенті WBC жекпе-жектер күнтізбесіне қарап, бұл белбеу қай кездесуде сарапқа салынатыны жақында шешілетінін мәлімдеді. Ақпараттарға сенсек, "арнайы" белбеу үшін алғаш болып Геннадий Головкин мен Сауль Альварес таласуы керек болатын. Алайда қос боксшының күздегі кездесуі кейінге қалдырылған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу