"West Oil Software" ЖШ-і жұмысшыларының ереуілін сот екінші рет заңсыз деп таныды

273

Талапкерлердің талабы қанағаттандырылмай қалды.

"West Oil Software" ЖШ-і жұмысшыларының ереуілін сот екінші рет заңсыз деп таныды Фото: видео скриншот

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық сатыда "West Oil Software" компаниясы қызметкерлерінің ісін қарады.

Шағымда жұмысшылар ереуілді заңсыз деп тану туралы Қарақия аудандық соты шешімінің күшін жоюды сұраған еді. Осылайша талапкерлердің талабы қанағаттандырылмай қалды.

"2023 жылғы 24 қаңтардағы қаулысымен Қарақия аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалды. Істі мәні бойынша қарау кезінде бірінші сатыдағы сот дауды шешу үшін маңызы бар барлық мән - жайларды дұрыс анықтады, сондай-ақ материалдық немесе іс жүргізу құқығының нормалары дұрыс қолданылды", - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін 2023 жылдың желтоқсанында Қарақия аудандық соты "West Oil Software" ЖШС ереуілін заңсыз деп таныған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстаудағы екі кен орнына қызмет көрсететін көлік компаниясы жұмысшыларының ереуілі 11 желтоқсанда басталған болатын. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының өкілдері болып жатқан оқиғаға жауаптарын ресми түрде берді.

"Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС Бас директоры ереуілге шыққан жұмысшылардың 2018 жылы компанияда жұмыс істегенін, бірақ "5/50" бағдарламасы бойынша өтемақы алып, өз еркімен жұмыстан шыққанын айтты.

"West Oil software" қызметкерлері Маңғыстаудағы заңсыз ереуілге қатысқаны үшін жұмыстан шығарылды.

Олар "ҚазМұнайГаз" өкілдерімен келіссөздер жүргізуден бас тартты. 12 қаңтарда жұмыс орындарына оралмағандар жұмыстан шығарылатыны ескертілген еді. Олардың орнын еңбек биржасында өз кезегін күткен адамдар басатыны да айтылды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу