Westoil Software компаниясы жұмысқа кезекте тұрған үміткерлермен әңгімелесуді бастады

385

Westoil Software компаниясы наразылық акциясын тоқтатқысы келмеген 50 адамды қызметтен босатпақ.  

Westoil Software компаниясы жұмысқа кезекте тұрған үміткерлермен әңгімелесуді бастады Фото: mangystaumedia.kz

Олардың орнына үміткерлер арасынан іріктелген қызметкерлер қабылданбақ. 

"Бүгін 29 ақпанда Westoil Software компаниясы жұмысқа орналасуға кезекте тұрған азаматтар арасынан үміткерлермен әңгімелесуді бастады. Қызметкерлер заңсыз наразылық акциясына қатысқанына қарамастан, біз оларға жұмысқа қабылдау жүргізілгенге дейін келісім комиссиясы арқылы қайта жұмыс орындарына оралуға мүмкіндік береміз. Бос орындарына кандидаттарды іріктеу заңсыз наразылық акциясына қатысушылармен еңбек шарттары бұзылған және оларды жұмысқа кезекке тұрған азаматтармен ауыстырған кезде кезең-кезеңімен жүргізілетін болады" - деп хабарлады Westoil Software ЖШС.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу