Whats App-та жаңа функция іске қосылады

765

WhatsApp мессенджерінің құрастырушылары өзіне-өзі хабарлама жіберу функциясын сынап жатыр, ол сервистің бірқатар бета-тестерлеріне қолжетімді, деп жазады inbusiness.kz.

Whats App-та жаңа функция іске қосылады

WhatsApp жарияланған скриншотта өзіңізге хабарлама жіберуге мүмкіндік бар екенін көруге болады. Алдағы уақытта пайдаланушының "Me (You)" деп аталатын жеке чаты болады.

Оның алдында қолданушылар өздеріне  хабарлама жіберу үшін, екі адамнан тұратын топ құрып, содан кейін екіншісі адамды одан алып тастап, осы топта жалғыз мүше болып қалу арқылы өзіне хабарлама жіберетін. Енді бұл процесс Telegram мессенджеріндегідей жеңілдетіледі.

Бұл қажетті құжаттар мен файлдарды мұрағатқа сақтауды оңтайландырмақ.

Функция Android Және iOS пайдаланушылары үшін де қолжетімді болмақ. Алайда, тестілеудің қашан аяқталатыны әлі белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу