Тергеу мәліметінше, күдіктілер мессенджер арқылы тұрғындарға хабарласып, өздерін олардың туыстары ретінде таныстырған. Кейін түрлі сылтаулар айтып, ақша аударуды сұраған.
Қылмыстық іске дроппер де тартылған. Оның банк шоты арқылы шамамен 5 миллион теңге ақша шығарылған.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде топ мүшелерінің интернет-алаяқтықтың 15 дерегіне қатысы бар екені анықталды.
Олардың әрекетінен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары зардап шеккен.
Сот үш азаматты да кінәлі деп таныды. Биыл маусым айында олардың екеуіне 3 жылдан 4 жыл 1 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, үшіншісі 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.