2025 жылдың шілдесінде Қаратөбе ауданының прокуратурасы интернет-алаяқтықпен айналысқан топқа қатысты істі сотқа жолдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алаяқтар Қазақстан азаматтарына WhatsApp арқылы хабарласып, өздерін туыстары ретінде таныстырған. Кейін түрлі сылтаумен ақша аударуды сұраған.
Қылмыстық схемаға дроппер де қатысқан. Оның банк шоты арқылы шамамен 5 млн теңге ақша шығарылған.
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілердің интернет-алаяқтықтың 15 эпизодына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілер Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстары мен Алматы қаласының тұрғындары болған.
Сот үш азаматты да кінәлі деп таныды. А,ымдағы жылдың маусым айында олардың екеуіне 3 жылдан 4 жыл 1 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, үшіншісі 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған.
Сонымен қатар сот жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздарын толық қанағаттандырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.