Whatsapp-қа жаңа функция енгізілді

1089

Функция Snapchat-тыкіне ұқсас.

Whatsapp-қа жаңа функция енгізілді

Facebook компаниясына тиесілі WhatsApp мессенджерінің пайдаланушылары көргеннен кейін жоғалып кететін фото мен видео жібере алады,деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

View Once деп аталатын жаңа функция бойынша, фото мен видеоны көргеннен кейін, олар өздігінен жойылады. Бар болғаны мессенджердегі тиісті батырманы басып, функцияны таңдау керек. 

WhatsApp  – смартфондарға арналған мессенджер. Ол арқылы мәтіндік хабарландыру, сурет, видео, аудио, электронды құжат жіберуге болады. Android, BlackBerry OS, BlackBerry 10, iOS, Series 40, Symbian (S60) және Windows Phone сияқты платформаларда жұмыс істейді. WhatsApp Inc.  компаниясының негізін Ян Кум және Брайан Эктон 2009 жылы Калифорния штатында қалаған.

Табиғат Нұрболат

Фото: reuters.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу