WhatsApp кейбір смартфондарда жұмыс істеуін тоқтатады

1472

Бағдарламаны әзірлеушілердің хабарлауынша, Windows Phone операциялық жүйесіндегі смартфондарға қолдау көрсету тоқтатылады.

WhatsApp кейбір смартфондарда жұмыс істеуін тоқтатады

WhatsApp мессенджері биылғы жылдың 31 желтоқсанынан бастап кейбір смартфондарда жұмыс істеуді тоқтатады, деп хабарлайды Atameken Business.

Бағдарламаны әзірлеушілердің хабарлауынша, Windows Phone операциялық жүйесіндегі смартфондарға қолдау көрсету тоқтатылады. Бұдан басқа, 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап WhatsApp Android 2, 3 және iOS-8 операциялық жүйелерінде мессенджерді қолдауды шектемек. WhatsApp-қа қолжетімділікті сақтау үшін, операциялық жүйелердің соңғы нұсқасына жаңартылып, ал егер бұл мүмкін болмаса, жаңа телефон сатып алуы керек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу