WhatsApp мессенджері жаңа қызмет түрлерін қосады

825

WhatsApp мессенджері жаңа қызмет түрлерін қосады

WhatsApp мессенджерінде басқа пайдаланушылар жіберген фотосурет, бейнежазба және аудиофайлды жасыруға мүмкіндік беретін жаңа қызмет пайда болады деп хабарлайды Вести. HI-tech.

Қосымшаның келесі нұсқасында фотосуреттерді автоматты түрде жадыға сақтамай, өшіріп тастауға болады.

Жаңа енгізілген қосымша қазір Android v2.18.195 бета нұсқасында жұмыс істейді. Ол арқылы сіз қолданушы топтардан келген хабарламаларды бақылауда ұстай аласыз. Қызметті орнату тетігі арқылы өзіне керек топтар жіберген файлдарды ғана галереяға сақтау мүмкіндігі ұсынылған.

Жаңа нұсқа смартфонның жады көлемін үнемдеуге көмектеседі және ол пайдаланушы жеке мазмұнды контент жіберіп, қабылдайтын болса пайдалы. Мысалы, біреуден жеке, көруге болмайтын сурет келіп, ол телефон жадында сақталып қалса, смартфонды қолына алған басқа адам суреттерді қарауы мүмкін.

WhatsApp -тың (2.18.189) бета бөлігі Facebook мессенджері секілді хабарламаға реакция ретінде жапсырмалар қалдыру мүмкіндігін алады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу